Биылғы көктемгі егіске 6100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі 382 миллиард теңге жеңілдетілген қаржы алды. Дала жұмыстарын жүргізуге 700 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлу көзделген. Оның шамамен 560 миллиарды нарықтық капитал көздерінен тартылып жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Қазір қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру мақсатында несие сомасының 85%-не дейін кепілдік беру тетігі іске асырылып жатыр. Сондай-ақ салада ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5%-тік мөлшерлемесімен жеңілдетілген лизинг беру бағдарламасы жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 120 миллиард теңгеге үш мыңнан астам өтінім қабылданды. Ал техникаларды сатып алуға 2 мыңдай шарт жасалды. Үкімет қабылдаған оңтайлы шаралардың нәтижесінде, ауыл шаруашылығы тауарын өнідірушілері қаржылық ресурстарға қолайлы шарттармен қол жеткізіп отыр.
Тегтер #ауыл шаруашылығы #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz