Биыл Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 10 жыл. Осы уақыт ішінде оның жеткен жетістіктері аз емес. Нақты еліміз үшін де макроэкономикалық оң көрсеткіштерді айта аламыз. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ серіктестерімен өзара сауда көлемі 87% артты. Экспорт көлемі 115% дейін өсті.
Былтыр одаққа мүше елдерден елімізге келген тікелей инвестиция көлемі 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда 6 есе артып, 4 миллиард долларға жетті. Жалпы одаққа мүше мемлекеттер арасында өзара сауда барысында кедендік баж салығы мен алымдар жоқ. Тарифтік емес шектеулер қолданылмайды. Бұл – бизнес үшін экспорт пен импорт шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді. Ал халық үшін бәсекелестіктің артуы есебінен тауарларды кең таңдауына мүмкіндік ашып отыр.
Тегтер #ЕАЭО #Еуразиялық экономикалық одақ #сауда мен инвестиция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz