Биыл ауылдық жердегі кәсіпкерлерге 2,5%-пен 5 мың микрокредит беріледі, деп хабарлайды 24KZ. Бұл механизм Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының жаңа моделінде көзделген.
Сонымен қатар тұжырымдама шеңберінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қатар дамыта отырып, келешегі зор ауылдардағы жобаларды іске асыруға баса назар аударылады. Ол үшін 2023 жылы даму әлеуеті жоғары елді мекендердің тізбесі өзектендірілді. Сонымен қатар өңірлік ерекшелікті ескере отырып, микронесие беру тізбесі кеңейтіліп жатыр. Ал ауыл тұрғындарының табысын арттыру, шығындарды қысқарту мен логистиканы дамыту үшін шағын индустриялық аймақтар құру көзделген. Ондағы мақсат – өнімді сақтау, өңдеу мен сату алаңын жасақтап, жергілікті жерлерде жаңа жұмыс орнын ашу.
Тегтер #Ауыл аманаты #жеңілдетілген несие #Ұлттық экономика министрлігі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz