Өндірістерді жаңғырту, еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерлету шығындарының бір бөлігі өтеліп жатыр.
Осылайша «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық кәсіпорындарға белсенді қолдау көрсетуде. Жыл басынан бері жалпы құны 148,6 млн теңгенің өтінімдері мақұлданған. Әсіресе Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы, сондай-ақ Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы индустрия өкілдері белсенділік танытты. Ал салалар бойынша ең көп өтінім машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, металлургия, жеңіл және фармацевтика өнеркәсібі мен құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардан түсті.
Тегтер #бизнес #өндіріс #Қазақстан экономикасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz