RU
Толық нұсқаға өту

Үкіметте ірі өнеркәсіп жобаларының жүзеге асуы қаралды

12.05.2025, 15:09 556

"Бүгінде елде жалпы инвестиция көлемі шамамен 10 млрд доллар және 8,5 мыңнан аса тұрақты жұмыс орнын ашатын 5 ірі бастама жүзеге асырылып жатыр".

 Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Үкіметте өткен кеңесте мәлімдеді. Ерсайын Нағаспаев Абай облысында қуаттылығы 300 мың тонна катодты мыс балқыту зауытының құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты. Инвестицияның жалпы көлемі 1,5 млрд долларға жетеді. Мұнда мыңнан аса тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Сондай-ақ Қарағанды облысында 2028 жылға дейін жыл сайын 9 млн тоннаға дейін көмір, 5 млн тоннаға дейін темір кені концентраты мен болат өндіруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Өңірдегі 8 шахтаның жетеуінде көмір шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл өндіру көлемін 7 пайызға арттыруға мүмкіндік берді.Өнеркәсіп және құрылыс министрінің айтуынша Қостанай облысында қуаты жылына 2 млн тоннадан асатын темір өндіретін зауыт салу жоспарлануда. Ал Батыс Қазақстан облысында калий хлоридін шығару бойынша байыту-өндірістік кешен салу жобасы іске асырылуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz