Климаттық сын-қатердің күшейіп, қолжетімді су қорының қысқаруы жағдайында диқандарды қажетті су ресурсымен қамтамасыз етуде жүйелі тәсіл қажет. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізуді жандандыруды тапсырды.
Әсіресе ылғалды көп қажет ететін дақылдарға тәуелділікті азайтып, ғылыми институттарды жұмылдыру қажет. Үкімет отырысында Олжас Бектенов шаруалардың құрғақшылыққа төзімді агротехнологияларға көшу бойынша жер-жерде түсіндіру жүргізу керегін айтты. Дегенмен ауа райының ықтимал қолайсыз болуы егіннің сапасы мен көлеміне әсер етпеуі керек. «Ол үшін тиісті шараларды алдын ала қабылдау қажет», – деді Олжас Бектенов. Бұдан бөлек, Премьер-министр Су ресурстары және ирригация министрлігіне Қаржы министрлігі, облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ең алдымен су тапшылығының қаупі жоғары өңірлерді қаржыландыруды тапсырды.
Тегтер #Олжас Бектенов #құрғақшылық #агротехнология #24KZ #су үнемдеуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz