RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушылардың үздік ондығына кірді

16.05.2025, 13:00 457

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майын экспорттаушылардың үздік ондығына кірді, деп хабарлайды 24KZ. Кейінгі 3 жылда елімізде бұл тауардың өндірісі 2,5 есе, ал экспорты шамамен 5 өсті. Ал импорт 11% азайды. Нәтижесінде былтыр еліміз үздіктер қатарына еніп, 8-ші орынды иеленді.

Сонымен қатар Еуропалық Одаққа күнбағыс өнімін жетекші жеткізушілердің үштігіне кірді. Бұл ондаған елде сұранысқа ие мал шаруашылығының негізгі өнімі. Өткен маусымда май мен шрот экспортынан $562 млн табыс түсті. Жақын жылдары бұл көрсеткішті $1 млрд-қа дейін жеткізу жоспарланып отыр.

 

Астық экспортының жаңа бағыттары бесенді игеріліп жатыр

Қазақстан астық экспортының жаңа бағыттарын да белсенді игеріп жатыр. 2024-2025 жылдардың қыркүйек-сәуір айлары аралығында астық пен ұнның экспорты шамамен 10 млн тоннаға жетіп, өткен маусыммен салыстырғанда 37% өсті. Жыл сайынғы жөнелтілім көлемі орта есеппен 8 млн тоннаға жетеді. Қатты бидайды Италияға жөнелту көлемі артып келеді. Бүгінде Қазақстан Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия, Ұлыбритания сияқты жаңа нарықтарға жол ашып жатыр. Марокко мен БАӘ-де біздің астығымызға қызығушылық танытып отыр. Мамыр айының соңына дейін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Мароккоға алғашқы 60 мың тонна бидай жөнелтуді аяқтайды. Сонымен қатар Вьетнамға 15 мың тонна көлемінде сынамалық партия жеткізуге келісімшарт жасалды. Дәстүрлі нарықтар да айтарлықтай жанданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz