RU
Толық нұсқаға өту

Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті

16.05.2025, 13:40 396

Үкімет басшысы Олжас Бектенов шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Жиында инвестициялық саясатты дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жай-күйі талқыланды.

Сондай-ақ алдағы уақытта бұлтты технологияларды, көші-қон нормаларын жетілдіру, жер қойнауын пайдалану саласындағы процестерді оңтайландыру, сондай-ақ Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі мәселесі бойынша ведомствоаралық шараларды күшейту жұмыстары жалғасын таппақ. Қазірдің өзінде бизнес ахуалды жақсарту бойынша бірқатар жүйелі шара жүзеге асып жатыр. Мәселен, «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң қабылданып, тұрақты бизнес-экожүйені қалыптастыруға бағытталған Инвестициялық саясат тұжырымдамасы жақсартылды. Сонымен қатар ұлттық цифрлық инвестициялық платформа да іске қосылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz