RU
Толық нұсқаға өту

Алматы мен Дубай іскерлік байланысын тереңдетті

16.05.2025, 14:30 467

Алматы мен Дубай іскерлік байланысын тереңдетті, деп хабарлайды 24KZ. Қос ірі мегаполистің кәсіпкерлер палатасы әмірлік жерінде бас қосып, бизнестегі мүмкіндіктерін саралады.

Мұндай деңгейдегі кездесу алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оның өтуіне Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы мен іскерлік кеңес жетекшілері ұйытқы болды. Екіжақты сауда-саттықпен тұрақты негізде айналысатын кәсіпкерлер Алматы мен Дубайдың қолайлы бизнес климатын сөз етті. Мәселен, қазақстандық тарап оңтүстік астанамыздың логистикалық мүмкіндіктеріне тоқталып, араб инвесторларын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің бойында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Сол секілді шығанақта іс бастаудың тетіктері қаузалды. Жалпы сапар 3 күнге жалғасты. Сенімді серіктестік қана емес, жергілікті кәсіпорындарды аралау, мемлекеттік бағдарламалармен танысу сынды бағыттар да қамтылды.

Нұрсұлтан Шоқанов, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы:

- Дубай Қазақстан бизнесі үшін тауар және қызмет түрлерін экспорттауға арналған мүмкіндігі мол хабтардың бірі саналады. Сол секілді біз Алматыны да араб инвесторларына тартымды нарық ретінде ұсынып отырмыз. Олар біздің тараппен бірлесіп «Бір жол, біл белдеу» дәлізін дамытуға күш сала алады. Екі жаққа да тиімді жобалар қолға алынса, жұмыс орындары ашылып, бизнестің мүмкіндігі арта түседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz