RU
Толық нұсқаға өту

«Кең дала 2» аясында диқандарға жеңілдетілген несие жылдағыдан ерте беріліп жатыр

16.05.2025, 21:13 389

Биыл «Кең дала 2» бағдарламасы аясында диқандарға жеңілдетілген несие жылдағыдан ерте беріліп жатыр.

Аграрлық несие корпорациясының Астана филиалы 200-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қолдау көрсеткен. Өз кезегінде шаруалар көктемгі далалық жұмыстарды ерте бастады. 

Сергей Мальченко биыл 3,5 мың га алқапқа егін салып жатыр. Оның ішінде бидай, арпа, дәнді бұршақ және майлы дақылдар бар. Диқан "Кең дала 2" бағдарламасы аясында 140 млн теңге шамасында жеңілдетілген несие алған. Дәл осы қолдаудың арқасында керек-жарақты тез дайындап үлгердік, дейді ол.

Сергей Малейченко, ЖШС директоры:

- 5 пайыздық несие ауылшаруашылық тауарөндірушілер үшін өте қолайлы. Біз бұл қаражатқа тыңайтқыш, жанармай, гербицид және қосалқы бөлшектер сатып алдық. Қазір көктемгі далалық жұмыстар қызу жүріп жатыр.

Диқандарға қарыз Аграрлық несие корпорациясынан тікелей немесе несие серіктестіктерінен, екінші деңгейлі банктер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан беріледі. Мысалы, Аршалы ауданында 40 шақты шаруа қаражатты несие серіктестігі арқылы алған.

Қаржаубай Ахметжанов, «Аршалы» несие серіктестігінің төрағасы:

- Біздің ауданда тіркелген шаруашылықтарға ғана береміз. басқа ауданда өз КТ-лары бар. Ең керегі жер және жұмыс істейтін техникасы болса, арғы жағын сосын тексеріспен өтеміз.

Бағдарлама аясында жеңілдетілген несие 5 пайызбен беріледі. Ол үшін шаруаның өзге қаржы ұйымдары мен салық органдары алдында берешегі болмау керек. Қаражат көлемі өнім түрлеріне қарай есептеледі. Мысалы, бидайдың гектарына 71 мың, ал картоптың гектарына 496 мың теңге шамасында қарастырылған.

Маханбет Тұрмаханов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Астана филиалының директоры:

-  Жылда қаражат жылдың басында бөлінетін болса, былтырдан бері өткен жылдың аяғынан бастап, яғни қараша айынан бастап қаражат бөлінді. Қазіргі таңда Астана қаласының филиалы бойынша 218 мың га қаржыландыруға 200-ге жуық ауылшаруашылық тауарөндірушісі 17 млрд теңгеге қаржыландырылды және қаржыландыру әрі қарай жалғасып жатыр.

Бағдарламаның тағы бір артықшылығы - тауар өндірушінің кепілзаты жеткіліксіз болса, "Даму" қорынан қолдау таба алады. Ол ұйым диқанға қажетті соманың 85 пайызына дейін кепілдік береді. 

Еркебұлан Смадияров, Артур Горшняков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz