Елордада отандық өндірушілердің "ULTTYQ ÓNIM" көрмесі өтіп жатыр.
Биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 350-ден астам кәсіпкер қатысты. Азық-түлік, жеңіл және химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, құрал-жабдықтар мен зергерлік бұйымдарға дейін осы көрмеден табуға болады.
Ulttyq ónim көрмесі жыл сайын отандық тауарлар мен қызметтерді насихаттайтын дәстүрлі алаңға айналған. Жалпы бүгінде кәсіпкерлікті дамытуда сең қозғалып, тың бастамаларға жол ашылғанын аңғару қиын емес. Қуантарлығы, өнім шығаруда ұлттық нақыш пен қазақы болмысқа басымдық беретіндер көбейген. Отандық брендке деген қызығушылық арта түскен. Былтыр қазақстандық бизнесті қолдауға Үкіметтен 336 миллиард теңге қаражат бөлінген. Ал шағын және орта бизнестің дамуына Halyk Bank-тің демеуі көп.
Дәурен Сартаев, Halyk Bank Басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
- Біз бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды ретке келтіруге бағытталған бастамаларды қолдап келеміз. Тиісінше, ірі инфрақұрылымдық, өндірістік жобаларды несиелеу арқылы біз шағын және орта бизнестегі жұмыс пен кәсіпорындарға серпін береміз.
Отандық бизнесті қолдау – басым бағыттардың бірі. Үйлесімді жұмыстың нәтижесі де бар. "Шағын және орта" бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесіндегі банктердің рөлі" атты панелдік сессияда жүйелі жұмыстың нәтижесі айтылды. Осы бизнеске тиімді несие беруде еліміздегі ең ірі банктердің бірі - Halyk алдыңғы қатарда тұр. Отандық өнідірушілердің нарыққа шығуына көп көмек көрсеткен. Halyk Bank-тің қатысуымен іске асырылатын "Даму" қорының құралдары арқылы ғана 14,1 трлн теңгеге 225 мыңнан астам жоба қаржыландырылды.
Дәурен Сартаев, Halyk Bank Басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
- Экономиканың негізгі кредиторы ретінде бізге сауда айналымының барлық қатысушысының барынша ашық болуы несиелеу көлемін арттыру және кредиттік тәуекелдерді басқару үшін өте маңызды. Экономиканың көптеген саласын цифрландыру барлық жұмыстың ашықтығына оң ықпал береді. Сондықтан біз де Цифрлық технологияларды енгізуде батыл қадамдар жасап жатырмыз.
Нарықтан жол тауып, өз өнімін шығарып, ілгері басып кеткендер көп. Көрме - соның жемісін көрсетті. Азық-түлік, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, қолөнер бұйымдары тіпті, түймеге дейін "Қазақстанда жасалған" деген атаумен көрме төрінде тұр. Ішкі нарықта сұранысқа ие өнімдердің кейбірі тіпті мұхит асып, өз тұтынушыларын тапқан.
Айнұр Қуатқызы, Нұрғали Мамырбаев
Тегтер #Ulttyq ónim #Ұлттық өнім көрмесі #24KZ #Қазақстан экономикасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz