«Шығыстарды оңтайландыру экономикалық, қаржылық мәселелердің оң шешім табуына ықпал етеді», – дейді сарапшылар. Бұл шара қазірдің өзінде қолға алынған.
Мәселен, бұған дейін Премьер-министр Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қосшы қаласында жаңа өрт сөндіру депосының құрылысымен танысқан еді. Бірақ 4 жыл ішінде жұмыстың тек 60%-і ғана атқарылған. Шарт бойынша заманауи қондырғылармен жабдықталған нысан құрылысына 1,2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Алайда мердігер ұйым қаржыландырудың жеткіліксіз екенін айтты. Олжас Бектенов қосымша қаржы қарастырылмайтынын, қаражат тек жобалау-сметалық құжаттамаға енгізілген сома шегінде бөлінетінін ескертті. Премьер-министр: «Мердігерлік ұйымнан жақын арада жұмыстарды аяқтауды талап етті, ал орындалмаған жағдайда шарт бұзылады», – деді.
Тегтер #Олжас Бектенов #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz