Олжас Бектенов Shell компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің басшысы Питер Костелломен кездесті. Оның барысында бірлескен мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселелері және ынтымақтастық келешегі талқыланды.
Кездесуге Қазақстандағы концерннің аға вице-президенті әрі төрағасы Әли әл-Жанаби, Намибиядағы барлау жөніндегі вице-президент Сюзанн Куган қатысты. Shell Қазақстанда мұнай-газ саласындағы бірқатар ірі бастаманы қолға алды. Оның ішінде Каспий құбыры консорциумы, Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары бар. Кездесу барысында Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 4 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысын жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар Қашаған кен орнын игеру жұмыстары да талқыланды. Тараптар қуаты жылына 2,5 млрд текше метрге тең газ өңдеу зауытын салу жоспарын қарады.
Тегтер #Олжас Бектенов #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz