RU
Толық нұсқаға өту

Былтыр бюджет тапшылығы 3,6 трлн теңгеге жетті

19.05.2025, 19:11 392

Елде бюджет тапшылығы соңғы 10 жылда болмаған абсолюттік мәнге жетті.

Нақты тапшылық бастапқы жыл қорытындысынан асып 3,6 трлн теңгені құрады.

Ал мұнайға қатысты емес тапшылық 10,8 трлн теңге болды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов мәлімеді. Десе де жалпы ішкі өнімде өсім бар. Ол 4,8 пайызды құрады. Базалық зейнетақы мөлшері де артып, мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінетін әлеуметтік жәрдемақы 7 пайызға көбейген. Бірақ игерілмеген қаржы да аз емес.

Былтыр республикалық бюджетке 20 триллион теңгеге жуық қаражат түскен. Оның 13 триллион теңгеден астамы қазына қаржысының таза кірісі құраса, 5 триллион теңгеден астамы Ұлттық қордан аударылған. Бұл ретте кірістің 63 пайызы салық түсімі арқылы толыққан. Алайда шығыс түсімнен көп. 23 триллион теңгеден асады. 

2024 жылғы республикалық бюджет түсімі - ₸19,9 трлн

₸13,5 трлн - таза кіріс

₸5,6 трлн - Ұлттық қордан аударылған түсім

Кірістің 63% - салық түсімі

Шығын - ₸23,6 трлн

Нұрлан Нұржанов, жоғары аудиторлық палата мүшесі:

"2024 жылы республикалық бюджеттің нақты тапшылығы бастапқы жоспардан асып, жыл қорытындысымен 3,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 2,7 пайызын құрады. 2024 жылы республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы бастапқы жоспардан едәуір ауытқып, жыл қорытындысы бойынша 10,8 трлн теңгені құрап, бұл 10 жылдағы ең үлкен абсолюттік мөлшер болып отыр". 

Бұған қоса былтыр түзілген бюджет 13 рет өзгеріске ұшырап, шығынның 6 триллион теңгеден астамы қайта қаралған. Еліміздің басты құжатына мұншалықты жиі өзгеріс енгізу алдағы жылғы бюджет көлемін жоспарлауға нұсқан келтіретіні мәлім. Сондықтан да мәжіліс депутаттары тиімсіз игерілген қаржы есебін талап етіп, жауапты орган өкілдеріне қатысты наразылықтарын жеткізді.

Жигули Дайрабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

"3,6 трлн деген ол масқара ғой. Неге сіздер осыған тиянақты есеп жасап, жетпейтін нәрсені, программаның бәрін қысқарту керек. Мемлекетке бірінші не керек? Бірінші, халыққа азық-түлік керек. Халықтың қарны тоқ болуы керек, содан кейін шекарасы мекем болуы керек. Содан кейінгі нәрсе, 126 миллиард теңге қордан тиімсіз пайдаланды дейді. Кім пайдаланды ол 126 миллиард теңгені? Қай ведомство? Осыны ашық айтыңдар. Халықтан, депутаттан жасыратын ештеңе жоқ."

Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы вице-министрі:

"Ең көп игерілмеген++министерство труда 30 миллиардқа жуығы, қаржы министрлігі бар 23 миллиардқа жуығы, төтенше жағдайлар министрлігі және тағы басқа министрліктер. Оның барлығы есепте берілген және төртінші 45,9 миллиард теңге ол бюджеттік кредиттер және трансферттер бойынша игерілмеген сома. Осының барлығын қосқан кезде 371 миллиард теңгені құрайды."

Мемлекеттік қаржының өңірлерде игерілуі де көңіл көншітпей отыр. Былтыр аймақтарға жалпы 7 триллион теңге қаражат бөлініп, 900-ден астам жоба іске қосылуы қажет еді. Алайда, оның жартысына жуығы ғана аяқталған. Қазына қаржысының мақсатты түрде жұмсалуын қадағалайтын жоғарғы аудиторлық палата былтыр 30-ға жуық тексеріс өткізген. Нәтижесінде 175 адам әкімшілік, 200-ге тарта азамат тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Назым Қайрат, Руслан Алиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz