RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында тұзды тағамдар өндіретін ірі зауыт салынады

20.05.2025, 19:45 466

PepsiCo компаниясы Алматы облысында салынатын зауытқа екі есе көп ақша құяды, деп хабарлайды 24KZ. Инвестиция көлемі 160 миллион долларға дейін артып, жоба аясында 900 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Премьер-министр Олжас Бектенов  компанияның өңірдегі басшысы Давид Манзинимен кездесіп, жобаның мән жайын талқылады.

Бұл тұзды тағамдар шығаратын Орталық Азиядағы ең ірі зауыт болмақ. Жылына 210 мың тонна картоп өңделіп, 70 мың тонна дайын өнім шығарылады. Өндірістің бірінші партиясы 2026 жылдың наурызында дайын болады деп күтіліп отыр. Шикізат негізінен қазақстандық фермерлерден алынады. Кездесуде Сыртқы істер министрлігіне екі аптада Қазақстан Үкіметі мен PepsiCo арасында Инвестициялар туралы келісім дайындау тапсырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz