Жыл аяғына дейін креативті индустрияны дамытудың 2026-2030 жылдарға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу керек.
Үкімет басшысы осыны міндеттеді.
Ал қолданыстағы құжат аясында, "е-архив" ақпараттық жүйесін жетілдіріп, "е-кино" платформасын іске қосу қажет. Кино демекші, былтыр елдегі өндіріс 58 пайызға артқан. Дені қаралымы көп, үздіктер қатарында.
Елде креаторлар көбейді
Креатив салада кәсібін өрбітуге ниеттілер көбейді. Бұған салық жеңілдіктері де ықпал еткені даусыз. Бүгінде 40 түрлі креатив қызметі арнайы салық режиміне енгізілген.
Оның аясында жеке кәсіпкерлер табысынан 2-4%, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 8%-ын қазынаға аударады. Бұл мүмкіндікті 6 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланып отыр. Жалпы елде 45 мыңнан аса субъект бар. Дені Алматы мен Астанада шоғырланған. Ал креативті индустрияның өзі 12 бағыт пен 43 қызмет түрін қамтиды. Мемлекет басшысы саланы дамытуға бағытталған Заңға қол қойды. Енді креативті индустрияларды дамыту қоры құрылады.
Креатив сала өкілдеріне арнайы салық режимі бар:
Жеке кәсіпкерлер 2-4%
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 8%
Цитата:
Гүлісхан Нахбаева, ҚР МАМ креативті индустрия департаментінің директоры
Шілдеде креативті индустрияны дамытудың мамандандырылған қоры іске қосылады. Ол креаторларға қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын көрсетеді. Бұдан бөлек, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "Даму" қорында шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары бар. Мысалы "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасы аясында өңірлердегі қолөнершілерді қолдауға бағытталған.))
Креатив өнімдер экспортын арттыру керек
Еліміз жыл сайын креатив өнімдер мен қызметтердің экспортын 5%-ға арттырады. 2026 жылға дейінгі меже осындай. Ал креатив бастамаларды қолдау қорының құрылтайшысы Дина Әбдірахманның айтуынша, экспортты арттыру үшін нақты тауарлар санатын түзу керек. Онсыз өндіріс пен тауар айналымындағы экспорт үлесін айқындау мүмкін емес. Десе де, биыл оның үлесі 96 млн долларға жетуі мүмкін. Ал 2029 жылы 116 млн доллардан асады. Жалпы осы кезеңде креатив экономика үлесін 2 пайызға жеткізу жоспары бар.
Креатив секторда 143 мың адам еңбек етеді
Алдағы 5 жылда креатив секторда еңбек ететіндердің саны 175 мыңға жуықтауы мүмкін. Бұл меже саланы дамытудың 2029 жылға дейінгі Ұлттық жоспарында көрсетілген. Қазір IT, сәулет өнері мен сән индустриясы, мәдени-демалыс мекемелері, кітапханалар мен музейлер, сондай-ақ халықтық қолөнер саласында 143 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. Елдегі "заманауи" креатив индустрияның 38%-ын IT және видеоойындар әзірлеу секторы қамтиды. Осы саланың жалпы қосылған құны 459 млрд теңге. Ал телевизия, кино, фото және музыка секторларын қоса алғанда 138 млрд теңгені қамтамасыз еткен.
Тегтер #бұл нарық #креатив #экспорт #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz