Ел экономикадасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 40%-ке жуықтады, деп хабарлайды 24kz.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, кәсіпкерлік саласында 4,4 млн адам жұмыспен қамтылған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2%-ке жоғары. Былтыр 17 мыңнан астам бизнес бастама субсидияланған. Тағы 8 мыңы бойынша кепілдік берілді. Жобалардың көбі Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Түркістан, Ақтөбе облыстарында іске асырылып отыр. Биыл дәл осы бағыттарға 275 млрд теңге қарастырылған.
ШОБ үлесі
2023 ж – 36,5%
2024 ж – 39,7%
Жұмыскерлер – 4,4 млн
Субсидияланған жобалар – 17 мың
Кепілдік берілген жобалар – 8 мың
2025 ж бөлінген қаражат – ₸275 млрд
Дарын Әбдуәлі, ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры:
- Салалар бойынша өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, білім беру жобалары басым. Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес 2010 жылдан 2023 жылға дейін Даму қорының мемлекеттік қолдауына ие болған кәсіпорындар 130 трлн теңге сомасында өнім шығарды.
Тегтер #экономика #Ұлттық экономика министрлігі #кәсіпкерлік #жобаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz