Елімізде қаңтар-сәуір айларында агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту жұмыстары қарқын алды. Негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 213 млрд теңге. Бұл өткен сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% өскенін көрсетеді.
Оң өзгеріс балық шаруашылығы мен тамақ өнімдерін өңдеу ісінде байқалған. Межелі міндетке жету үшін министрлік қазіргі таңда өңірлермен бірлесіп, 2025-2027 жылдарға арналған арнайы жол картасын әзірледі. Жалпы құны 3,3 трлн теңге болатын 677 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның 282-і жыл соңына дейін атқарылуы керек. Инвестицияның негізгі бағыттары – қайта өңдеу, суару жобалары мен мал шаруашылығы. Жоспарлы жұмысты жүзеге асыруда Солтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласы белсенділік танытып отыр. Ал Маңғыстау облысында бүгінге дейін бірде-бір жоба іске қосылмаған. Астана, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу облыстарында да көрсеткіштер төмен.
Тегтер #Агроөнеркәсіптік кешен #инвестиция #балық шаруашылығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz