Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі мәлімдеді.
Бинұр Жәленовтың айтуынша, бұл өзгерістер телефон номерлері арқылы банктер арасында мобильді аударымдар жасауға да мүмкіндік береді. Қазір еліміздегі қаржылық ұйымдармен келісімдер жасалып жатыр. 9 банкпен келісім-шарт жасалған.
Бинұр Жәленов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі:
- Маусым айында алғашқы бес банк телефон номері арқылы өзара мобильді аударым жасауға көшеді. Қалған банктер жүйелерін дайындап жатыр. QR-кодқа келетін болсақ, екі банк бірыңғай жүйеге көшуге дайын. Тағы төрт қаржы ұйымы бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып жатыр. Жыл соңына дейін барлық банк қосылады деп үміттенеміз. Себебі Ұлттық банк заңға бірнеше өзгеріс енгізді. Онда барлық банк бұл жүйеге көшуге міндеттеледі.
Тегтер #банк #QR код #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz