RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан МАГАТЭ конференциясында атом саласындағы жетістіктерін таныстырды

01.06.2025, 21:10 378

Қазақстан делегациясы МАГАТЭ-нің Халықаралық конференциясына қатысып, еліміздің ядролық технологиялар саласындағы жетістіктерін паш етті, деп хабарлайды 24KZ. Бүгінде қазақ елі әлемдегі уран өндірісінің шамамен 43%-ін қамтиды және осы стратегиялық шикізаттың барланған қоры бойынша екінші орын алады.

Сондай-ақ «Қазатомпром» ұлттық компаниясы елімізде ұлттық ядролық кластер құру бастамасын таныстырды. Бұл уранды өндіруден атом энергетикалық қондырғыларын жобалау, салу және пайдалануға беруге дейінгі аралықтағы ядролық энергетиканы дамытудың тұтас циклін қамтитын стратегиялық жоба.

Дастан Көшербаев, «Қазатомпром» ҰАК стратегия және халықаралық даму жөніндегі бас директоры:

- Қазақстан барлық дерлік елмен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Біз Азия, Солтүстік Америка және Еуропамен тең дәрежеде сауда байланысындамыз. Жалпы былтыр желтоқсанда жаңа стратегия қабылданды. Оның негізгі басымдығы – ресурстық базаны толықтыру және ұтымды пайдалану. Біздің өндірістік мүмкіндіктеріміз алдағы ондаған жылдар бойы біздің болашақ атом электр станцияларымызды толық көлемде қамтамасыз етуге жол ашады.

Вернер Эвалд, «Bannerman Resources» компаниясының басқарушы директоры:

- Намибия уранды игеру және өндіру бойынша Қазақстаннан сәл артта қалды және әлі атом электр станциясы жоқ. Қазақстан қазір өз атом электр станциясын салып жатыр екен, бұл үлкен жетістік. Өкінішке қарай, Намибияда біз уран өндірудің экологиялық жағынан таза және үнемді деп саналатын қазақстандық әдісті қолдана алмай отырмыз.

Александро Роча Сцислевски, ядролық қауіпсіздік жөніндегі комиссия өкілі:

- Уран өндіру тәжірибесі туралы айтсақ, Қазақстан – ең маңызды елдердің бірі. Ал атом энергиясын пайдалануға келсек, атом энергетикасы бағдарламаларын, зерттеу реакторларын және осы салаға қатысты барлық басқа нәрсені дамытуда Қазақстанның әлеуеті өте зор.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz