Келер жылдан бастап тұрақты кірістің шамамен 40 пайызы жергілікті бюджетке жиналады.
Үкімет сағатында Премьер-ммнистрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі осылай деді. Серік Жұманғариннің айтуынша, қазір аудандық бюджеттердің қаржылық дербестігін күшейту мақсатында бірқатар шара қабылданған. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес пен корпоративтік және жеке табыс салықтары - жергілікті бюджет кірісіне беріліп отыр. Сондай-ақ Серік Жұманғарин, соңғы 6 жылдық көрсеткішке тоқталды. 2019 жылы жергілікті бюджет кірісі 2,5 триллион болса, былтыр ол 7,9 триллион теңгеге жеткен.
Тегтер #кіріс #бюджет #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz