RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ-Беларусь сауда-экономикалық байланысы нығайып келеді

04.06.2025, 19:50 493

Олжас Бектенов Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинмен сауда-экономикалық байланысты дамыту жайын талқылады. Екіжақты кездесу Душанбе қаласында өтті.

Биылғы бірінші тоқсанда Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 200 млн долларға жуықтаған. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 3,6% көп. Осы кездесуде тараптар ынтымақтастықты жандандыруға және іскер топтар арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Бұдан бөлек, ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимыл келешегі, әсіресе тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және екі ел халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бастамалар талқыланды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz