Биылғы алғашқы тоқсанда құрылыс саласында 1 трлн теңгенің жұмысы атқарылды.
Әрине құрылыста отандық өнімді қолдануға көңіл бөлініп отыр. Яғни салада жергілікті материал көбірек қолданылса, соғұрлым пайда ел ішінде қалады деген сөз. Дегенмен отандық өндірушілерді қолдауға мемлекет тарапынан да көңіл бөлу керек.
Бұл бағытта Үкімет қолға алған шаралар баршылық. Мәселен, тастан жасалған бұйымдар мен гипсокартонды шетелден әкелуге тыйым салынды. Бұл өзіміздің кәсіпорындарға дем беретіні анық.
Тастан жасалған бұйымдар мен гипсокартон импортына тыйым салынды. Тыйым мерзімі – үш ай. Шара отандық нарықты қолдау мақсатында енгізіліп отыр. Алайда өндірушілер ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге және өнім бағасын қымбаттатпауға міндеттеледі. Шектеулер бұйымдардың жекелеген түрлеріне қатысты енгізілді. Мәселен, ескерткіштер мен құрылыста қолданылатын гранит, жол жиектері, брусчатка және басқа да ұқсас бұйымдарды сырттан кіргізуге болмайды. Қазір сұранысты жабуға жергілікті өндірушілердің әлеуеті жетіп тұр. Былтыр елде 95 мың тоннадан аса брусчатка өндірілсе, тұтыну көлемі 60 мың тоннаға жуықтады. Гипсокартон да жеткілікті. Мәселен, былтыр ішкі сұраныс 38,8 млн шаршы метр болса, өндіріс көлемі 35,5 млн текше метрге жетті.
ЦИТАТА
“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені былтырдан бері белсенді көтеріп келеді. Бүгінде қазақстандық кәсіпорындар ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп отыр. Жаңа шара уақытша импорттық шектеу кезінде өз өнімдерінің қазіргі бағасын ұстап тұруға дайын екендіктерін растаған отандық өндірушілерді қолдауды көздейді. Тыйым құрылыс материалдары нарығындағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.
“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Құрылыс материалдарының өндірісі ұлғайды
Былтыр елде 1 млрд 336 млн теңгенің құрылыс материалы өндірілді. Өсім 2023 жылмен салыстырғанда 7 пайызға жуық. Яғни алдыңғы жылы 1 млрд 249 млн теңгенің өнімі тұтынушыға жол тартты. Өндіріс көлемінің өсуіне құрылыс жұмыстарының 18,5 пайызға артуы ықпал етті. Сондай-ақ инвестиция көлемі де ұлғайды. Былтыр тұрғын үй құрылысына 3 млрд 542 млн теңге инвестиция бағытталды. Ал өндірістің үлкен бөлігі Астанаға тиесілі. Бас қаладағы өндірушілер құрылыс материалдарының 13,5 пайызын өндірді. Сондай-ақ алғашқы үштікке Қарағанды мен Алматы облыстары енді. Тағы бір айтып өтері, былтыр экспорт көлемі де артты. ЦИТАТА.
ӨНДІРІС КӨЛЕМІ
(2024 жыл)
Барлығы – ₸1,3 млрд
Өсім – 6,9%
Құрылыс – 18,5%
Инвестиция – ₸3,5 млрд
ӨҢІРЛЕР ҮЛЕСІ
Астана – 13,5%
Қарағанды облысы – 9,3%
Алматы облысы – 9,1%
Былтыр құрылыс материалдарының экспорты 276 млн АҚШ долларынан асып, 2023 жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға өсті. Негізгі тауарлар қатарында цемент, арматура, керамикалық өнімдер бар. Ал импорт көлемі 8,8 пайызға артып, 1,3 млрд АҚШ долларына жетті. Отандық тұтынушылар цемент өнімдерін, минералды силикатты мақта, керамикалық тақта және тағы басқа тауарларды импорттады.
"Qazindustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ
Баспана саудасы жанданды
Күн жылығалы үй саудасы қызды. Мәселен, сәуір айында ел көлемінде 36 839 келісім жасалды. 33 пайыз өсім бар. Мұнда астана көш бастап тұр. Елордада 7 280 үй сатылған. Алматы Астанадан сәл қалыңқы – 7020 келісім. Үштікті 2 862 сауда мәмілесімен Қарағанды облысы түйіндейді. Ал ең аз баспана Ұлытау облысында сатылды. Мұнда 454 сатып алу-сату келісімі түзілді.
ТҰРҒЫН ҮЙ САУДАСЫ
Барлығы – 36 839
Астана – 7 280
Алматы – 7020
Қарағанды облысы – 2 862
Ұлытау облысы – 454
Жалпы бір жылда тұрғын үй бағасы шамалы өскен. Мәселен, жаңасы 8,3 пайызға қымбаттады. Ал бұрын тұрғызылған пәтерлер құны 6,4 пайызға көтерілді. Дегенмен сарапшылар жаз маусымында қымбатшылық болмайтынына сенімді.
Лариса Степаненко, сарапшы:
- Бұл нарыққа қалай әсер етеді деген сұраққа келсек, жаз басталғанда елдегі ішкі көші-қон ұлғаяды. Яғни осы кезде үйін сатып, басқа қалаға көшетіндер немесе сол қала ішінде көшіп-қонатындар көбейеді. Тиісінше сатып алу-сату келісімдері көп жасалады. Сұраныстың көбеюі қымбатшылыққа апара ма деген сұраққа жауап іздегенде сатылатын пәтердің де көбейетінін ескеру керек. Сондықтан айтарлықтай қымбатшылық болады деп ойламаймын.
Елде үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жылдың алғашқы үш айында жалпы көлемі 1 трлн теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 3,7 млн шаршы метр баспана ел игілігіне берілді.
Тегтер #Қазақстан #импорт #24KZ #бұл нарық #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz