Екі елдің алыс-берісі былтыр шамамен 1 млрд АҚШ долларына жетті. Ал соңғы 20 жылда Үндістаннан Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 450 млн АҚШ долларынан асқан, деп хабарлайды 24kz.
Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Үндістанға ресми сапармен барып, әріптесімен кездесті. Тараптар қазақ-үнді стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Үндістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы сенімді саяси және сауда-экономикалық серіктесі. Бүгінде ел аумағында фармацевтика, пайдалы қазбалар және азық-түлік өнімдерін өндіру салаларында 600-ден астам үнді компаниясы жұмыс істейді. Кездесу барысында 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.
Тегтер #Қазақстан #Үндістан #экономикалық байланыс #алыс берісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz