RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Иранның өзара тауар айналымы 50%-ға артты

08.06.2025, 13:39 374

Қазақстан мен Иранның тауар айналымы 50 пайызға артты.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесуі кезінде айтылды. Тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамыту, арадағы қатынастарды жан-жақты нығайту мәселелерін талқылады. Бұдан бөлек Каспий теңізінің транзиттік әлеуетін пайдалану және көлік-логистика саласындағы бірлескен жобалардың перспективаларын қарастырды. Сондай-ақ Мұрат Нұртілеу Иран басшысына Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен Құрбан айт мерекесіне орай жолдаған құттықтауын жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz