Былтыр Қазақстан химиялық тауарлардың 205 түрін экспорттады. Өнімдердің басым бөлігі Қытай, Ресей және Вьетнамға жөнелтілді.
Салада мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Кейінгі 5 жылда химия өнеркәсібіне 1,7 трлн теңге инвестиция тартылған. Өнімдердің 22%-і агрохимия секторына тиесілі. Бұл халық санының өсуіне және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тауарға әлемдік сұраныстың артуына, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты болып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазір полиэтилен, карбамид, бутадиен және тазартылған терефтал қышқылы өндірісі қолға алынды.
Тегтер #экспорт #Ресей #Вьетнам #Қытай #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz