RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда малайзиялық электромобильдер шығарылуы мүмкін

19.06.2025, 12:47 376

Бұл жоспарды Премьер-министр Олжас Бектенов Proton Holdings басшысы Чунронг Лимен талқылады, деп хабарлайды 24kz.

Үкімет басшысы заманауи технологияларды енгізу арқылы өндірістерді локализациялау және жаңа жұмыс орындарын ашу, машина жасау саласын дамыту міндетін атап өтті. Осы жылдың бірінші тоқсанында салаға 55 млрд теңге инвестиция тартылған. Былтыр инвестиция көлемі 2 есе өсіп, 282 млрд теңгеге жетті. Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асыру үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді. Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тиісті Жол картасын әзірлеу тапсырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz