RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанның экспорт көлемі $80 млрд-тан асты

20.06.2025, 20:44 583

Қазақстанның барлық сектордағы жалпы экспорт көлемі 3%-ке артып, 80 миллиард АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды 24kz.

Оның 29 миллиард долларға жуығын өңделген өнім экспорты құраса, 11 миллиард доллардан астамы қызметтер саласына тиесілі. Соңғы 5 жыл ішінде 500-ден аса отандық кәсіпорын экспорттық акселерация бағдарламасы арқылы сыртқы нарыққа шыққан. Ал биыл бұған тағы 120 компания қосылды. Өнімдердің дені Ресей, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Италия және Пәкістан нарықтарына бағытталмақ. Оқыту және шетелдік серіктестермен келіссөз жүргізу жұмыстары осы маусым айында басталды.

Алмас Ихсанов, ҚР СИМ Экспорттық акселерация және оқыту тобының басшысы:

- 2024 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанның өңделген тауарлармен сыртқы саудасы 84,6 млрд АҚШ долларын құрады, бұл шамамен 3%-ке жоғары. Соның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 12%-ке өсіп, 28,8 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорттың негізгі өңделген тауарлары бұлар – уран, мыс және мыс катодтары, Мұнай өнімдері және ферроқорытпалар. Қазақстанның сауда серіктестері – Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Германия.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz