Қазақстан мен Араб әмірліктері арасында бизнес-ынтымақтастық аясы кеңейді.
Қос елдің іскер топ өкілдері сауда, инвестиция және қызмет көрсету саласындағы серіктестікке тың серпін берді. Дубайдағы қазақ кәсіпкерлері арнайы кеңес құрып, жергілікті әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатты. Мұнымен қоса мемлекеттік мекемелермен берік байланыс қалыптасып келеді. Қазір әмірліктегі ірі компаниялар Алматы мен Ақтауда құрылыс жобаларын жүзеге асыру жайын қарастырып жатыр. Әмірліктегі дипломатиялық миссия жетекшілері мен Қазақстан бизнес кеңесі бұл іске оң ықпал еткен. Айта кетейік, кейінгі жылдары Дубайда бірнеше қазақ дәмханасы ашылды. Мәдениет орталығы жұмыс істеп тұр. Еліміздің экспорттық өнімдері кеңінен таныла бастады және оларды сауда желілеріне тікелей жеткізу ісі жүйеленді.
Әлібек Алмабеков, Қазақстан бизнес кеңесінің төрағасы:
- Өткен кезеңде біз бірқатар маңызды іс-шаралар өткіздік: іскерлік форумдар, нетворкингтер, мемлекеттік және жеке құрылымдардың өкілдерімен кездесулер. Біз нарықтың негізгі ойыншыларымен, сондай-ақ дипломатиялық корпуспен және Дубайда орналасқан инвестициялық қорлармен тиімді диалог орнаттық.
Навар Абдул Вахед, БАӘ «Eurasia» бизнес қауымдастығының бас атқарушы директоры:
- Қазақстандық болмасам да қазақ бизнес кеңесінің отырысына қатысу мен үшін өте маңызды болды. Өйткені мұндай басқосуларда жаңа идеялар айтылады, бірлескен жобалар қолға алынады. Кеңес кейінгі 1 жылда өзін жақсы қырынан көрсетті. Көптеген кездесу ұйымдастырып, пайдалы нетворкингке жол ашты. Кәсіпкерлер алдағы жоспарды нақтылады.
Тегтер #Қазақстан #БАӘ #бизнес #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz