RU
Толық нұсқаға өту

Жаңартылатын энергия көздері секторында 9 жоба іске қосылмақ

25.06.2025, 22:00 489

Биыл елімізде жаңартылатын энергия көздері саласында 9 жаңа жоба жүзеге асады. Оның жалпы қуаты 455 мегаватт. Бұл туралы энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов брифингте мәлімдеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы қуаты 3 гигаваттан асатын 156 нысаны жұмыс істеп тұр. Өткен жылы 7,5 миллиард киловатт-сағат «таза энергия» өндірілді. Жоспарға сәйкес жаңартылатын энергия үлесін 2030 жылға қарай 15%-ке дейін жеткізу көзделіп отыр. «Бұл үдеріс еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыру бағытындағы маңызды қадам болмақ», – дейді мамандар.

Сұңғат Есімханов, ҚР энергетика вице-министрі:

- Соңғы 7 жылда аукцион механизміне 260-тан астам компания қатысып, әлемдегі 14 дамыған мемлекеттің компаниялары оған қатысып жатыр. Әсіресе Қытай компаниялары белсенділік танытып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz