Елде 1400-ден астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорыны бар.
Бұлардың жартысынан астамы киім тігеді. Сондай-ақ 481 кәсіпорын тоқыма бұйымдарын шығарса, 122 ұйым тері өңдеумен айналысады.
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП
Тігін өндірісі – 803
Тоқыма өнеркәсібі – 481
Былғары бұйымдар кәсіпорыны – 122
Биыл жеңіл өнеркәсіпте 600-ге жуық жұмыс орыны ашылмақ. 9 инвестициялық жоба іске қосылады. Кейінгі бес жылда салада 40-тан аса жоба жүзеге асты. Соның арқасында 3 мыңнан астам жұмыс орыны ашылды. Жеңіл өнеркәсіпті қолдау тетіктері әртүрлі. Былтырғы мамыр айынан бастап кәсіпкерлердің жабдық сатып алуға кеткен шығындарының 40 пайызына дейін өтеледі. Қолдау сомасы жылына 60 млн теңгеге дейін жетеді. ЦИТАТА.
Жеңіл өнеркәсіп саласы 9 экономикалық аймақтағы басым бағыттардың тізіміне енгізілді. Қазір бұл бағытта бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Кәсіпорындарға жылына 3 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында 1 100-ден астам тауар түрі мемлекеттік сатып алудағы ұлттық режимнен екі жылға босатылды. Бұл қадамдар жергілікті өндіріске екпін беруге тиіс.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Кешенді даму жоспары әзірленеді
Былтырдан бері шығындарды өтеу бойынша 11 өтініш мақұлданды. Жалпы сомасы 118 млн теңге көмек көрсетілді. Ал мемлекеттік сатып алу кезіндегі ұлттық режимнен 1162 тауар босатылды. Жеңілдетілген несиеге 6 жоба қол жеткізді. Мұнда 9 млрд теңгеден аса несие берілді. Қазір елде мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі жол картасы іске асып жатыр. Жол картасы биыл мәреге жетеді. Сондықтан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі келесі жылдан бастап 2030 жылға дейінгі кешенді даму жоспарын әзірлеп жатыр. ЦИТАТА.
2022-2025 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жол картасына тоқыма кәсіпорындарын құруға жұмсалатын инвестициялық шығындарды өтеу және мектеп формасын шығаратын отандық өндірушілерді қолдау бөлімі қосылды. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақтарда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын құруға мүмкіндік берілді. Бұл аймақтарда инфрақұрылымдық қызметтер, жеңілдетілген салық режимі және мемлекеттен қаржыландыру қарастырылған.
Мұхамед Андаков, ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары
Шикізаттық база нығайтылуы тиіс
Былтыр елдегі жеңіл өнеркәсіп нарығы 4 млрд доллардан асты. Бірақ мұндағы отандық өндірушілердің үлесі шамамен 6 пайыз. Қазір салада 28 мың адам еңбек етеді. Былтыр өндіріс көлемі 210 млрд теңгеден асты.
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП
Нарық – $4,3 млрд
Отандық өндіріс – 6%
Жұмыс орны – 28 мың
Өндіріс көлемі – ₸211,6 млрд
Үкімет отандық өндірісті күшейтуге тырысып отыр. 2030 жылға дейінгі жол картасында шикізаттық базаны нығайтуға көңіл бөлінбек. Бұл орайда әсіресе мақта шикізатын тиімді пайдалануға ден қойылады. Себебі жеңіл өнеркәсіптің 57 пайызы тоқыма өндірісіне, 34 пайызы киім өндірісіне тиесілі. Ал былғары бұйымдар кәсіпорындарының үлесі 9 пайыздың шамасында. ЦИТАТА.
Мақта саласының тиімділігін арттыру мақсатында Селекция және тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында селекциялық бағдарламаларды қаржыландыруды 1,5 млрд теңгеден 7,5 млрд теңгеге дейін ұлғайту, 9 ғылыми-техникалық жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде мақта селекциясын және бастапқы тұқым шаруашылығын, жабдықтарды жаңарту және шетелдік ұйымдардың қатысуымен маман даярлау, Түркістан облысында мақта тұқымы зауытын жаңғырту шаралары жоспарланған.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі
Түркістан облысындағы мақта зауытындағы жаңғырту жұмыстары биыл аяқталуға тиіс. Зауыт жылына 1 500 тонна мақта өңдеуге қауқарлы болмақ. Жалпы, бұған дейін елде бірқатар ірі жобалар іске қосылған еді. Бұлардың қатарында Шымкенттегі кілем өндірісін, Батыс Қазақстан облысындағы қап шығаратын зауытты атап өтуге болады. Сондай-ақ былтыр Атырау облысында геотекстиль кластері жұмысын бастады.
Тегтер #бұл нарық #Қазақстан экономикасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz