Мемлекет өз міндеттерін толық орындап жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында экономиканың дамуы туралы сұрақтарға жауап берді. Ол Президенттің Үкімет алдына қойған міндеттерін ескере отырып, жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Экономиканың жалпы ахуалын «тұрақты» деп бағалады.
Жуырда ғана фискалдық саясатты айқындайтын жаңа Бюджет және Салық кодекстері қабылданған. Олардың мақұлдануы – бюджетке даму және инфрақұрылымдық мақсаттарға 3 триллион теңгеден астам қаржы бағыттауға мүмкіндік береді. Олжас Бектенов осы тұста Үкіметтің әрі қарай да тиімді жұмыс істейтінін айтып, Президенттің экономикалық реформаларды жүргізу жөніндегі тапсырмаларын орындауды жалғастыратынын жеткізді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Бұл ақшаның бәрі тек даму мақсаттарына бағытталады. Даму мақсаттары дегеніміз – ол бірінші кезекте ірі инфрақұрылымдық нысандарды іске қосу, электр қуат көздерін, автомобиль және теміржол жолдары желісін дамыту, инженерлік желілерді жаңғырту және т.б. міндеттерге жолданады. Ал бұл салалар ол ұзақмерзімді, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге негіз қалайтын салалар. Сондықтан біз осы бағыттарда белсенді әрі тиімді жұмыс жасайтын болсақ, елімізде тұрақты экономикалық өсім болады.
Тегтер #Олжас Бектенов #парламент палаталары #экономика #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz