RU
Толық нұсқаға өту

О. Бектенов «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» компаниясының басшысымен кездесті

03.07.2025, 10:10 533

Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» компаниясының басшысы Дай Даогомен кездесті. Тараптар «жасыл» энергетика және қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері жайлы талқылады.

Бұл компания – Қытайдың «жасыл» технология саласы бойынша көшбасшылардың бірі. Кездесу барысында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тетіктері қаралды. Үкімет басшысы Президенттің экологиялық жаңғырту мен орнықты дамудың маңыздылығына баса назар аударып отырғанын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі серіктестік қатынастарды кеңейту әлеуетін атап өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz