Еліміз өткен жылдың қыркүйегі мен биылғы мамыр аралығында 6 млн тонна бидай экспорттады.
Астық одағы көрсеткіштің 47 пайызға артқанын айтады. Импорттаушылар көшін Марокко елі бастайды. Мұнда 158,6 мың тонна бидай жөнелттік. Тізімді Алжир, Нидерланды, Норвегия, Вьетнам және Ұлыбритания жалғайды. Мамандар бидай экспортының арта береріне сенімді. Өйткені қазір көлік шығындарын субсидиялау көлемі артты. Импорттаушы елге байланысты бидайға 20-30 мың теңге аралығында көмекақы төленеді.
Бидай экспорты артты:
Марокко — 158,6 мың тонна
Алжир — 90,5 мың тонна
Нидерланды — 6,9 мың тонна
Норвегия — 4 мың тонна
Вьетнам — 3,5 мың тонна
Ұлыбритания — 3 мың тонна
Тегтер #Таңдаулы #бидай экспорты #24KZ #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz