RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

09.07.2025, 15:52 937

Қызылордада толық инфрақұрылыммен жабдықталған заманауи кірпіш зауыты іске қосылды.

Индустриялық аймақтың жеті гектар жерінде  орналасқан нысанға 5 миллиард теңге инвестиция салынған. Кәсіпорын 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Жаңа өндіріс орны күніне 250 мың, ал жылына 90 миллион дана кірпіш өндіреді. Бұл көрсеткіш облыс аумағындағы құрылыс саласының қажеттілігін жабуға жеткілікті. Айта кетейік, Қызылорда облысының жылдық сұранысы — 100 миллион кірпіш шамасында. Қазір аймақта жалпы саны 16 кірпіш зауыты жұмыс істейді.

Еркебұлан Нарбаев, кірпіш зауытының бас директоры:

- Өңірдің қажеттілігін жауып, одан бөлек көрші облыстарға экспорттауға әбден мүмкін. Кірпіш зауыты бұл толық автоматтандырылған, былай атқанда барлық талаптарға сай заманауи зауыт. 

Зауыттың ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірде құрылыс индустриясының қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

- Цемент, шыны, қиыршық тас, асфальт бетон, металл өңдеу, құрғақ құрылыс қоспалары мен темір бетонын шығару бойынша өндіріс жолға қойылған. Бір сөзбен айтқанда Қызылорда құрылыс кластеріне айналуда.   

Жаңа зауыт газбен жұмыс істейді. Бұл дәстүрлі көмір отынын пайдаланатын ескі зауыттарға қарағанда экологияға зияны әлдеқайда аз.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Әр өңірде жасап жатқан бұрыннан ескі Совет дәуірінен қалған технология жаңа зауыттарға талапосы ең үздік қолжетімді технологияларды қолдану. Ол біздің жаңа қабылданған экологиялық кодекстің үлкен бірден бір талап. 

Облыс бойынша алдағы бес жыл ішінде құны 2 трлн теңге болатын 89 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Данияр Сұлтанұлы, Ақан Әлиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz