RU
Толық нұсқаға өту

Әлемдік нарықта мұнай қымбаттап жатыр

11.07.2025, 19:54 464

Brent маркалы «қара алтынның» қыркүйектегі фьючерстерінің бағасы барреліне 68 долларға жетіп, 0,44%-ке өсті.

Ал WTI-дің баррелі 66 долларға саудаланып, 0,54%-ке көтерілген. Бағаның артуына кеше ғана өткен ОПЕК ұйымының Халықаралық семинарында ұсынылған жылдық есеп себеп болды. Ол құжатқа сәйкес, сарапшылар 2050 жылға қарай мұнайға әлемдік сұраныс 18,5%-ке артады деген болжам айтқан. Яғни, күніне 123 миллион баррель «қара алтын» өндіріледі деген сөз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz