Ақтөбеде «Қазақстанның үздік тауары» және «Бір ауыл – бір өнім» көрме-байқауы өтті, деп хабарлайды 24kz.
Оған тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс пен химия салалары бойынша 30-ға жуық кәсіпорын қатысты. Ауылдағы кәсіп иелерін қолдауға бағытталған жобаға қатысушылар жергілікті жерде өндірілген тауарларын көрсетті. Мысалы, шалқарлық кәсіпкер Шымкентте өңделген теріден былғары етік тігеді. Шағын өндірісте күніне 5-6 дана аяқ киім тігіледі. Кәсіп иесі бизнес бастауға 5 млн теңге мемлекеттік грант алған. Жалпы биыл «Бір ауыл – бір өнім» жобасына ауыл-аймақтан 52 кәсіпкер қатысып жатыр. Жеңімпаз атанған ұжымға республикалық байқауға жолдама беріледі.
Дидар Боранқұлов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:
- 6 финалистпен біз әрі қарай техникалық қолдау жасау, оған ертең дайын бұйымдарына маркетингтік қолдау, яғни, қорабын қалай жасаймыз, біз сол шетелдік, жапондық мамандармен ақылдаса отырып, әрі қарай үлкен дүкен сөресіне, желілерге шығуға біз ықтимал жасаймыз. Біздің кәсіпкерлердің шағыннан үлкен нарыққа шығуына жағдай жасалады.
Тегтер #Ақтөбе #көрме #байқау #кәсіпкерлерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz