Атырауда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Атырау өнімі» бағдарламасы іске қосылды.
Жоба елде алғаш рет жүзеге асып отыр. Оның аясында облыс орталығы мен Құлсарының кәсіпкерлері 7 пайыздық мөлшерлемемен 70 млн теңгеге дейін несие ала алады. Жаңа өндіріс орнын ашуға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпті кеңейтуге мүмкіндік бар. Бұл бастама өндірісті дамыту, өңірлік өнім көлемін ұлғайту мен кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдаудың нақты тетігі болмақ. Іскер жандар несиені 9 жылға дейін рәсімдей алады.
Нұрдәулет Жұмасейітов, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының м.а.:
- Өңір кәсіпкерлерінің шамамен 60-70 пайызы мұнай және газ салаларында қызмет көрсету бағытына шоғырланған. Бұл бағытта Атырау облысының экономикасын әртараптандыру мақсатында Атырау облысы әкімдігімен «Атырау өнімі» атты өңірлік бағдарлама іске асырылды. Қазіргі таңда пилоттық түрде жүзеге асырылған өңірлік бағдарламаға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге қаражат бөлінді.
Тегтер #кәсіпкер #Атырау #өнім #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz