RU
Толық нұсқаға өту

Алты айда бюджет кірісі ₸11 трлн-ға жетті

15.07.2025, 11:20 547

Алғашқы алты айда мемлекеттік бюджеттің кірісі 11 трлн теңгеге жетті. Осылайша билік жоспарды межеден асырып, 106% орындады. Бұл жайлы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндады. Ал республикалық қазына 31 млрд теңгеге артығымен орындалған. Жергілікті бюджеттің де бүйірі толып, 656 млрд теңгеге атқарылды.

Мәди Тәкиев қазынаның көбі әлеуметтік секторға бағытталғанына тоқталды. Биыл 4,3 трлн теңге тұрғындардың тұрмысын түзеуге, 3,6 трлн теңге өңірлерді қолдауға, 800 млрд теңге нақты секторға бөлінеді. Сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы үшін 3,2 трлн теңге, өңірлерге субвенцияларға 2,9 трлн теңге, міндетті медициналық сақтандыру қорына 794 млрд теңге бөлінеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz