RU
Толық нұсқаға өту

Банктерге 25% корпоративтік табыс салығы енгізіледі

18.07.2025, 19:20 536

Экспорттық-кредиттік агенттіктің салық салу тәртібі оңтайландырылады. Яғни ол анағұрлым нақты, түсінікті түрде жүзеге асып, сақтандыру компанияларына қолданылатын салық салу жүйесіне теңістіріледі.

Халықаралық тәжірибеде экспорттық-кредиттік агенттіктер, экспортты дамытудың және отандық бизнесті шетелде қолдаудың маңызды тетігі саналады. Тиісінше салық салу жүйесін жақсарту агенттік жұмысының тиімділігін арттыруы әбден мүмкін. Бұдан бөлек, жаңа кодекс бойынша банктерге корпоративтік табыс салығының 25%-тік мөлшерлемесі енгізіледі. Алайда кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін берілетін несиелерден қолданыстағы мөлшерлеме бойынша салық алынады. Жалпы алғанда бұл шаралар салық жүктемесін әділетті түрде бөлуге, нақты секторды қолдауға және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізбек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz