RU
Толық нұсқаға өту

Байлыққа салынатын салық көлемі артады

18.07.2025, 19:25 499

Енді байлыққа салынатын салық көлемі де артады. Жылдық жалпы табысы 8500 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 33,4 миллион теңгеден асатын азаматтарға 15%-тік салық мөлшерлемесі қолданылады. Ал табысы 230 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын фермерлерге бұрыннан сақталған 70% жеңілдікті есепке ала отырып, 4,5% салық салынады.

Одан бөлек құны 75 миллион теңгеден асатын автокөліктер мен 100 миллионнан жоғары кемелерге және әр литрінің бағасы 500 мың теңгеден асатын алкоголь мен әр данасы 10 мың теңгеден жоғары темекі өнімдеріне 10% акциз түрінде салық салынады. Сондай-ақ жалпы құны 450 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандарына да мүлік салығы жоғарылайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz