Біздегі сиыр етінің бағасы Орта Азия елдеріне қарағанда 30 пайызға арзан.
Ал картоп пен сәбіз 38, пияз 47, қырыққабат 50 пайызға төмен бағада сатылады. Бұл жайлы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте айтылды. Алқалы жиында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сөз алып, агросектордағы ахуалды баяндады. Айтуынша, биылғы бес айдың бедерінде саладағы өнімінің көлемі 4%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгеге жеткен. Азық-түлік өндірісі 10,5%-ға өскен. Ал қайта өңдеуді дамытудың кешенді жоспары аясында 677 инвестициялық жоба іске асқан. Оның ішінде импортқа тәуелді тауарлар бойынша 289 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Тегтер #Агросектор #өнім өндіру #көлем #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz