RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан көмірі Ресей арқылы қайта тасымалданады

29.07.2025, 10:20 386

Қазақстан қайтадан Еуропаға көмір тасымалдайды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. Еуропалық одақ санкциялардың 18-ші пакеті аясында ақпанда Ресей порттарымен кез-келген келісімге тыйым салған еді. Бұл қазақстандық көмірді Еуропа елдеріне экспорттауға кедергі болды. 

Себебі Ресейдің Усть-Луга порты әуелден Қазақстан көмірін Батыс елдеріне жеткізетін негізгі транзит ретінде пайдаланылып келді. Осы жағдайды реттеу үшін елдің мүдделі органдары еуропалық тараптармен консультациялар жүргізді. Ақыры, ЕуроОдақ санкцияларының 18-пакеті аясында қазақстандық көмір транзиті үшін Ресейлік порттан шектеу алынып тасталды. 2024 жылы отандық катты отынның Кәрі Құрлыққа экспорты 5 млн тоннадан асқан еді. Биыл бес айда 1,6 млн тоннаны құрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz