RU
Толық нұсқаға өту

2050 жылы Алатау тұрғындары 2 миллионға жетуі мүмкін

30.07.2025, 21:10 584

2050 жылға қарай Алатау қаласында тұрғындар саны 2 миллионға жетуі мүмкін. Сенат төрағасы аймаққа сапары аясында жаңа шаһардың Бас жоспарымен танысты.

Алатауда төрт салалық кластерді қамтитын арнайы экономикалық аймақ құрылған. Олар: мәдениет және туризм орталығы, білім және медицина алаңы, іскерлік және қаржы орталығы, сондай-ақ индустриялық-логистикалық аудан. Шаһарда 400-ден астам әлеуметтік нысан салынады. Мәулен Әшімбаев Алатауды дамыту ауқымды қала салумен ғана шектелмейтінін атап өтті. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл инновация, инвестиция және талантты жандарды тартатын қалаға айналуға тиіс», – деді ол.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz