RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде жеті айдағы экономикалық өсім 6,3% жетті

12.08.2025, 09:27 544

Ел экономикасы биыл қарқынды өсіп келеді. Жеті айда жалпы ішкі өнім 6,3%-ке жетті. Ұлттық статистика бюросы осындай дерек келтіріп отыр, деп хабарлайды 24kz.

Салаларға жіктейтін болсақ, тауар өндірісі 8%, қызмет көрсету 5%-тен астам өсті. Ең үлкен өсім көлік және қойма саласында, мұнда көрсеткіш 22,5% деңгейінде.

Сонымен қатар құрылыс та қарқын алған, статистикаға сай бұл бағытта өсім 18,5%-ке жоғарылады. Түркістан облысында мектептер, теміржол желілері және автожолдар құрылысы, Ақтөбе облысында жайлы мектептер, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында тұрғын үйлер, медициналық нысандар салу жобаларына байланысты көрсеткіштер жоғары.

Жалпы өңдеу өнеркәсібінде машина жасау, азық-түлік және мұнай өнімдерін өндіру де алда тұр. Ауыл шаруашылығында өсім 3,7%. Үкімет экономиканы әртараптандыру мен инвестиция тартуға басымдық беріп отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz