RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде күнбағыс майының импорты азайып келеді

12.08.2025, 12:15 1014

Күнбағыс майының импорты 14%-ке дейін азайды, деп хабарлайды 24kz.

Мамандар елде өндіріс өркендегенін айтады. Жыл басынан бері 332 мың тоннаға жуық сұйықмай өндірілген. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 21%-ке көп. Өнімнің дені сыртқы нарыққа шығарылды. Бұған бір жағынан жаһандағы май бағасының күрт өсуі себеп. Жалпы біздегі дайын өнімді Қытай, Еуропа, сондай-ақ Өзбекстан мен Ауғанстан аттай қалап алады. Ұлттық экспорттаушылар қауымдастығының басқарма төрағасы Зейнолла Абдуманаповтың айтуынша, кейінгі 5 жылда елдің экспорттық әлеуеті 70-73%-ке артқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz