Елімізде ((Sinotruk)) Синотрак-пен бірлескен кәсіпорын құрылды.
Онда коммерциялық және арнайы техника өндіріледі. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен тиісті келісімге қол қойылды. Жаңа жоба ел Үкіметі мен Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту аясында жүзеге асады. Бірлескен кәсіпорын Саран қаласындағы ((«Saran Machinery»)) Саран Машинэри серіктестігінің базасында орналасады. Өндіріс ошағы жылына 10 000 дана техника, оның ішінде жүк көліктерін де шығаруға қауқарлы. Алдағы уақытта Qarmet металлургиялық зауытында өндірілген мырыш бұйымдарын пайдаланады. Осылайша отандық шикізат өндірісін қолдау шарасы артады. Кәсіпорында мың адам жұмыспен қамтылады деп межеленіп отыр.
Тегтер #Қазақстан #Sinotruk #Қарағанды #кәсіпорын #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz