RU
Толық нұсқаға өту

Halyk Bank Жезқазғанда стадионды жаңартуға демеуші болады

15.08.2025, 22:12 411

Halyk Bank Жезқазғандағы «Металлург» стадионын жаңғыртуға демеушілік жасайды. 

Спорт нысанындағы көрермендер трибунасы жөндеуден өткізіледі. Жоба облыс әкімдігімен арадағы ынтымақтастық аясында жүзеге асты. Бүгін қос тарап меморандумға қол қойып, алда атқарылатын жұмыстар жайлы баяндады.

Қазақстан қаржы нарығында көш бастап тұрған "Халық банк" Ұлытауда қоғамдық маңызы бар жобалар мен әлеуметтік бастамаларды іске асырады. Қаржы ұйымы мен облыс әкімдігі арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум соның дәлелі.

Алмаз Ыдырысов, облыс әкімінің орынбасары:

- HALYK BANK пен арадағы ынтымақтастық біз үшін өте маңызды. Ұсынысымызды қабыл алып, әлеуметтік жауапкершілік танытқандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Спорт саласына жасаған демеушілік – біздің өңірдің тұрғындарының болашағына, денсаулығына салынған инвестиция деп бағалаймын. 

Екіжақты кездесу барысында "Халық банктің" басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мұқышев банктің әлеуметтік жауапкершілігі мен алда атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Меморандум аясында алғаш жүзеге асатын жоба – Жезқазғандағы орталық стадионды жаңғырту. 

Нариман Мұқышев, Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары:

- Жалпы біз әріптестеріміз бен  клиенттеріміздің өмірін жақсартуға бағытталған бірлескен бастамаларды белсенді қолдаймыз. Мысалы, біз бір жарым жыл бұрын Halyk банктің 100 жылдығына орай көптеген аймақта  футбол алаңдарын салып, ойын құралдарымен жабдықтадық. 

"Халық банк" әлеуметтік жобаларды үнемі белсенді қолдап, спорттық, мәдени шараларға демеушілік жасайды. Мысалы, соңғы 5 жылда қайырымдылыққа 133 млрд-тан астам теңге бөлген. Жастар арасында өтетін баскетбол жарысы мен гимнастика федерациясына демеушілік жасап келеді. Осыған дейін Ұлытау облысының құрылуына орай 50 млн теңгеге Жезқазғанда балалар ойын алаңын салып берді. Бұдан бөлек жыл сайын дәстүрлі түрде «Мектепке жол» акциясына қатысады. 

Елдос Кәкенов, Нұрдәулет Аманкешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz