Шымкенттегі зауыт пен фабрикаларда кадр тапшы.
Кәсіпорын басшылары жастардың техникалық және кәсіптік білім алуға деген құштарлығы төмен деп есептейді. Мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылып, дуалды оқыту жүйесі енгізілгенімен нәтиже көңіл көншітпейді. Өндіріс орындарында тәжірибе алмасушылар мен жұмысқа алынған жас мамандар көп тұрақтай бермейді. Аймақта жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев шыны зауытында болып, кәсіпорынның тынысымен танысты.
Ержан Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл зауытта 150-ден астам адам жұмыс істейді екен. Ең төменгі жалақысы 250 мыңнан басталса, жоғары жалақы 1 млн үстінде алады екен. Мамандардың тапшылығы - бұл үлкен проблема.
Тегтер #Жұмысшы мамандықтар жылы #Шымкент #зауыт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz