RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысы пияз бен картоп өнімін мол жинап жатыр

23.08.2025, 09:19 635

Алматы облысының Шеңгелді алабындағы шаруашылықтар биыл картоп пен пияздан мол өнім жинап жатыр.

Әр гектардан 25 тонна картап алса, пияздың өнімділігі 80 – 85 тоннаға дейін жетті. Оған жергілікті диқандардың су үнемдеу технологиясын енгізуі оң ықпал еткен. 

Шеңгелдідегі мына   шаруашылық 15 жылдан бері картоп өсірумен айналысады. Жыл сайын 100 - 170 гектар жерге картоп егеді. Элиталық тұқымды Германия мен Голландиядан алдырады.  Биыл 100 гектар жерге тамшылатып суару технологиясын енгізген. Нәтижесінде әр гектарға шаққандағы өнімділік көлемі 25 тоннаға жетті. Жиналған өнімді Алматыдағы базарлар мен ірі сауда орындарына өткізеді. 

Қуаныш Додаев, агрофирма басшысының орынбасары: 

- Жеңілдетілген жаңағы жанар-жағармайымызды 250 теңгеден береді бізге литрін. Көктемдік жұмысқа, күздік жұмысқа бөлек заявкасын береміз. Бір алған кезде 30 тонна, 35 тоннадан аламыз. Бір гектарға тұқымға именно картопқа 140 мыңнан айналады. Бұл тек қана субсидия. 

Шаруашылық катртоп егіп, жинауға және оны сұрыптауға арналған жаңа техника сатып алған.  Жұмсалған қаржының 30 пайызы үкімет тарапынан субсидияланды. Мұнда негізінен «Артемис» және «Доната» тұқымдары егіледі. Ал Шеңгелді алабындағы пияз өсірумен айналысатын шаруашылықтар тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясын қатар енгізген. Олар биыл әр гектардан 80 - 85 тоннадан өнім алды. 

Дәурен Жанханов, шаруа қожалығының іс басқарушысы:

- Біздікі 85 - 90 теңгеден бағасы. Осы капельное орашениемен через шланг дренаждан шығарамыз суды. Полив опрыскивание жасаймыз как положено. Өз ақшасын шығару керекпіз ғой. Оның поливі бар, дәрісі бар, суының ақшасы бар. 35 полив жасаймыз пиязға.

Асқар Ибраимов, Қонаев қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: 

- Заманауи технологияны қолданатын шаруалардың жағдайлары бір бөлек те, бороздковый дейді ғой жаңағы, қарапайым түрмен суғару жүйесінде қолданатын шаруалар көбісі пияз егуден бас тартып жатыр. Үлкен себеп – судың бағасының, суғару суының бағасының қымбаттығы, электр тоғының қымбаттығы, соған байланысты. Одан бөлек, тауарды өткізу мәселесі қиындап тұр. 

Шеңгелдіде бұрын 2 мың гектар жерге пияз егілетін. Ал биыл игерілген алқаптың көлемі 450 гектар. Себебі жергілікті шаруалар екі жыл бұрын 11 мың тонна пиязды қоймада шірітіп алып, шығынға батқан еді. Содан кейін жүгері, жоңышқа сияқты мал азығы дақылдарын өсіруге бет бұрды. Шеңгелді алабында қазір бұрынғы суармалы алқаптарды қалпына келтіру жұмыстары  жүріп жатыр. Мұнда жалпы аумағы 16 мың гектар суармалы алқап болса, былтыр 8 мың, ал биыл 12 мың гектар жер игерілді. Соның 2 мың гектарында су үнемдеу технологиялары қолданылды. 

Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz